Теңгені еркін айналымға жіберудің арқасында алтын-валюта қорын ұлғайтып алдық - Ақышев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің айтуынша, бүгінде алтын-валюта қоры 1,1 пайызға өсіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қордың активтерін (63,1 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің халықаралық резервтерінің жалпы сомасы 93 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал алтын-валюта резервтері бір айда 1,1 пайызға өсіп, ақпанның соңында 29,9 млрд. АҚШ долларына жетті», - деді Ақышев бүгінгі брифингте.

Оның айтуынша, банк теңге бағамын реттеуге араласпағаннан кейін алтын-валюта резервтерін сақтап қалуға мүмкіндік туды. «Ұлттық Банк жарты жыл ішінде валюта нарығында интервенция жасаған жоқ, яғни теңге бағамы нарық талаптарымен айқындалады», - деп атап өтті банк басшысы.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық банк төрағасы «наурызда теңге бағамы өзгеруі мүмкін» деген болжамын айтып қалды.

Сондай-ақ халықтың долларды сатып алу көлемі төмендеп келе жатқанын нақты статистикамен дәлелдеп берді.

 

Соңғы жаңалықтар