Теңгеде әл-Фарабиден бастап Назарбаевқа дейінгі тариx жатыр - Ғарифолла Есім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстыру рәсімінде философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім алғашқы бір теңгелік купюраны жаңа он мың теңгелік банкнотпен салыстырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір теңгелік банкнотқа әл-Фараби бейнеленген еді. Міне, сол оқиғаға да 20 жылдан асты. Бүгін бізге Данияр мырза (Ұлттық банк төрағасы - авт.) он мың теңгелік банкнотқа Елбасы бейнеленгенін айтып отыр. Демек, теңгеде әл-Фарабиден Нұрсұлтан Назарбаевқа дейінгі бүгінгі тариx жатыр. Барша қазақстандықтарды құттықтаймын! Төл теңгеміздің төрге озған күні құтты болсын, ағайын! Еңбегімізді теңгемен алып, ес жинадық, тұрмысымызды жөндедік, жөндеп келе жатырмыз. Ұйқымыз тыныш, жанымыз қиналмайды, қорқыныш-үрей сезімдері туындамайды. Өз ақшамыз бар. Оны шығаратын фабрикамыз да бар. Ақша бітіп қалса, шығара береміз. Теңгеміз тұрақты болса, тұрмысымыз тұрақты. Бұны Данияр мырзаның ұжымына айтып отырмын. Теңгеміз теңселе бермей, тұғырлы болсын!», - дейді Ғ.Есім.

Айта кетейік, шара аясында ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жаңа банкнотқа қатысты өз ойларын білдірді. ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновтың ойынша, жаңа банкнот теңгенің құндылығын арттыра түседі.

Ал Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген купюра доллар сияқты әлемдік валюталармен қатар тұра алады деп санайды.

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров та Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық валютамызды енгізу жұмысының басы-қасында болған Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мерейтойлық банкнотта бейнеленуге әбден лайық дейді. 

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің сөзіне қарағанда, жаңа купюра Тұңғыш Президент күні - желтоқсанның 1-не қарай шектеулі таралыммен бастырылады. 

Ол ақшаның нақты таралымы жайында қолма-қол ақша басқармасының бастығы Тоғжан Әбішева айтып берді.

Соңғы жаңалықтар