+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды - Ақышев

2018 жылғы 22 ақпан 10:35
Бөлісіңіз:
Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды - Ақышев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияның басында бас банкир экономикалық ахуал туралы айтып берді.

«Жыл басынан бері инфляцияның төмендеуі байқалады. Қазір инфляция көрсеткіші 6,8 пайыз. Бұл биылғы инфляция дәлізіне (5-7 пайыз) сәйкес келіп отыр. Алтын валюталық резервтеріміз 3,2 пайызға, яғни 31,7 млрд долларға жетті. Ұлттық қор активінің көлемі 58,3 млрд долларға жетті. Қазақстанда теңге өтімділігі шамадан артып тұр. Қысқа мерзімді ноттарды пайдаланудың арқасында оның көлемі 4 трлн теңгеге жетті. Құралдар бойынша табыс төмендеп келеді, ноттар бойынша табыстылық 4,02%»,- деді Ақышев.

Бас банкир теңгенің ахуалы туралы да айтып өтті.

«Жыл басынан бері теңге 4 пайызға нығайған. Теңгеге сұраныс қаңтарда артты. ЕДБ қаңтар айында 830 млрд теңге көлемінде несие берген. Несие бойынша пайыздық көрсеткіш 14,7%-ға жетті»,- деді Данияр Ақышев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT