+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Теңге жыл басынан бері 1,2 пайызға әлсіреді - Ұлттық банк

2019 жылғы 12 қараша 10:40
Бөлісіңіз:
Теңге жыл басынан бері 1,2 пайызға әлсіреді - Ұлттық банк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері теңге 1,2 пайызға әлсіреді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Тікелей шетелдік инвестициялардың таза әкелінуі өткен жылғы көрсеткіш деңгейінде қалыптасып, 5,1 млрд доллар болды. Ол бейрезиденттердің кірістерін қайта инвестициялаумен және резиденттердің шетелдік еншілес ұйымдарынан капиталын қайтаруымен қамтамасыз етілді», - деді ҰБ төрағасы.

Оның айтуынша, портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың таза әкетілуі 13 пайызға азайып, 9 айда 2,6 млрд доллар болды. Капиталдың әкелінуі Қаржы министрлігінің 3-тоқсанда 1,15 млрд еуроға еурооблигациялар шығаруымен және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жаһандық депозитарлық қолхаттарын сатумен қамтамасыз етілді.

«Ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа импорттың байқалып отырған өсімі және әлемдік шикізат нарықтарындағы баға құбылмалылығы әсер етті. Қазаннан бастап 11 қарашаға дейін теңгенің әлсіреуі бір доллар үшін 388,74 теңгеге дейін, яғни 0,2 пайыз болды. Бұл кезеңде теңге бағамы бір доллар үшін 388,05–390,12 теңге шегінде өзгерді. Жыл басынан бастап әлсіреу 1,2 пайызды құрады», - деді Е.Досаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT