Теңге неге әлсіреп жатыр – Ұлттық банк түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлия Молдабекова ішкі нарықтағы жағдай мен қазіргі мұнай бағаларының әсерінен теңгенің «әлдене алмауына» қатысты сарапшылардың пікіріне тоқталды.

«Шынымен мұнай бағасы бір айда 8,4%-ға өскен кезде маусымда теңге бағамы 30 шілдеде жабылу бойынша бір АҚШ доллары үшін 424,95 теңгеге дейін 0,9%-ға орташа нығайды. Мұнай ұлттық валютаның бағамына әсер ететін негізгі фактор болуын жалғастыруда. Мұнайдың оң серпінінен теңгенің жеткіліксіз әсер етуі теңге бағамы сыртқы және ішкі факторларды қоса алғанда, теріс факторлар жиынтығының ықпалында болуымен түсіндіріледі»,- деді Әлия Молдабекова .

Оның айтуынша, бір ай ішінде дамушы нарықтар валюталарының жалпы теріс серпінін және әлемдік валюта нарығында АҚШ доллары бағамы өзгерген.

«Ал маусымда теңгеге қысым көрсеткен ішкі факторлар туралы айтсақ, онда бірінші кезекте іскерлік белсенділік қалпына келуі және кейінге қалдырылған сұраныс іске асырылуы аясында тауарлар импортының өсуін атап өткен жөн. Біз 2021 жылғы қаңтар-сәуірде өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда импорт тұтынушылық азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндіріс құралдары импорты өсуі есебінен $11,4 млрд - қа дейін 11,5%-ға өскенін атадық»,- дейді спикер.

Шетел валютасына сұраныстың өсуі сауда-саттық көлемі ұлғаюынан байқалады. Теңге-доллар жұбымен сауда-саттықтың биржалық көлемі маусымда 3,16 млрд АҚШ долларына дейін өсті, ал 2021 жылғы алғашқы бес айдың қорытындысы бойынша сауда-саттықтың орташа көлемі айына 2,45 млрд АҚШ долларын құрайды.

«Шетел валютасына сұраныстың артуы шетелдік инвесторларға дивидендтер төлеу сияқты маусымдық факторларға да байланысты. Өткен жылы дағдарыс аясында дивидендтер төлеу өте шектелді, осы жылы бұл фактор мамыр және масымда валюта нарығындағы сұраныс жағынан маңызды. Аталған факторлардың барлығы ұлттық валютаның одан әрі нығаюын шектеді»,-дейді Ұлттық банк өкілі.

Шетел валютасына сұраныстың артуына қарамастан, нарықта елеулі теңгерімсіздіктер болған жоқ.

«Ұлттық банк интервенция жүргізген жоқ. Бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін Ұлттық қор қаражатын конвертациялау көлемі 1093 млн АҚШ долларын, ал квазимемлекеттік сектор тарапынан валютаны сату – 260 млн АҚШ долларын құрады»,- дейді ол.


Соңғы жаңалықтар