Теңге депозиттеріне 10% өтемақы төлеу өзін ақтады ма – сарапшы пікірі

None
Фото: kz.linkedin.com/in/andche
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев теңге депозиттеріне 10% өтемақы төлеу шарасын сәтті процедура ретінде бағалап отыр, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін салымшыларға нақты ақша аударыла бастады. Бағдарлама өзі ақтады. Бір жыл бұрын дағдарыс кезінде депозиттердің ауытқуы тіркелген жоқ. Керісінше, рекордтық көлемде жаңа депозиттер пайда болды. Депозиттердің долларлануы болған жоқ. Сондықтан бағдарлама өзін ақтады», - деді сарапшы.

Сондай-ақ ол өтемақыға төленетін ақшаның Ұлттық қордан емес, мемлекеттік бюджеттен алынғанын ерекше атады.

«Осының бәрін ескеріп, бағдарлама сәтті аяқталды деуге болады. Өйткені өз міндетін орындады», - деп түйіндеді Андрей Чеботарев.

Еске салсақ, теңгелік депозиттерге өтемақы төлеуге арналған қаражат банктерге түсті. Кейбір банктер салымшыларына өтемақы төлей бастады.


Соңғы жаңалықтар