Теңге бағамының көтерілуін сарапшылар көңіл-күйге теңеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - KASE Қазақстан қор биржасында жақында болған теңгенің күрт жоғарылауын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, 2-3 тамызда ақша айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы 335,72 теңгеге дейін көтеріліп кеткен болатын.

«Біріншіден, сыртқы факторлар ықпал етті. Атап айтқанда, көршілес Ресей еліне әлемдік қауымдастық тарапынан салынып жатқан санкциялардың әсері көп болды. Көршіміз санкция болатынын біліп алдын ала қамданған болу керек. Өйткені, рубль бағамы (59-60) өзгере қойған жоқ. «Кейбір» ақпарат құралдарының арқасында біздің нарыққа да қауесет әсер етті. Соның саладрынан нарықта ішкі фактор қалыптасты. Атап айтқанда, долларға деген сұраныс көбейіп кетті. Әдетте күніне 150-350 млн теңгеден аспайтын айналым, 2-3 күндері 500 млн теңгеден асып кетті», - деді «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары  Андрей Цалюк.

Алматыда 2-3 тамыз күндері ақша айырбастау пункттерінде өте белсенді жұмыс болды.

«Ақша айырбастау пункттері мен екінші деңгейлі банктер бізден ақпаратты шыққан мезетінде алады. Курс айырмасын олар шетіндегі трендтен көреді. Осы жолы сатып алу мен сату арасындағы айырма (спред) 1,5-3 теңге көлемінде қалды. Нарықта белгісіздік орын алған кезде спред 6-ға дейін көтеріледі. Банктер мен айырбастау пункттері оны шығынға батпау үшін істейді. Тамыздағы жағдай бойынша спред биржада саудаланған валюта бағамының көлемінде болды.  Сондықтан, бұл уақытша құбылыс екені әуел бастан белгілі болды», - деді Андрей Цалюк.

Қазіргі таңда биржа мамандарының айтуынша, нарықта жағдай тұрақтанды. Бұған мұнай бағасының қымбаттауы ықпал етті. 

Қазір доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 331,9-332,9 болып тұр.

Соңғы жаңалықтар