Теңге бағамының болжамын тап басып айтатын сарапшы аз - Данияр Ақышев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев теңге бағамының қалыптасуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас банкир теңге бағамының құбылмалылығы бірнеше факторға байланысты екенін айтты. Мұнай бағасының өзгеруінен Қазақстанның табатын долларлық табысы өзгеріп, ол өз кезегінде теңге бағамына ықпал етеді.

Данияр Ақышев ұлттық валютаның құнына ықпал ете алатын келесі факторды атады.

«Өкінішке орай теңге бағамына ақпараттық шабуыл мен алып сатушылардың әрекеті де әсер етіп отыр. Қыркүйекте барлық сарапшылар ЭКСПО-дан кейін теңге бағамы құлайды деп болжаған болатын. Өйткені, Ұлттық банк теңге курсын ұстап отыр деген болатын. Бұлай болған жоқ. Сарапшылар бірден пікірін өзгертті. Қоғамдық пікірді басқару оңай.  Мен өз әріптесім Григорий Марченкомен келісемін. Қауесет сөзге ермес үшін бізге бәрімізге біліктілігімізді арттыру керек», - деді бас банкир Д.Ақышев.

Оның айтуынша, теңге бағамын тап басып айтатын сарапшы аз. 

«Курс әлем нарығындағы өзгеріске қарай құбыла бермейді. Ол бірнеше көрсеткіштермен қалыптасады. Теңге бағамын тап басып айтатын сарапшылар, тіпті еуро-доллар жұбының болжамын айтатын адамдар өте аз», - деді Ақышев.

Соңғы жаңалықтар