Теңге бағамы наурыздағы тұрақсыздықтан кейін нығайып келеді – Ұлттық банк
2022 жылғы 12 сәуір 10:17

Теңге бағамы наурыздағы тұрақсыздықтан кейін нығайып келеді – Ұлттық банк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Наурыз айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5,7 %-ға нығайып, бір доллар үшін 467,03 теңге болды. Бұл туралы ҚР Ұлтық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурызда болған геосаяси тәуекелдер мен Ресей рублінің жоғары құбылмалығы теңге бағамына қысым жасады. 16 наурызда теңге бағамы биржада 1 доллар үшін 512,17 теңгеге жетті», - деді Ұлттық банк төрағасы Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, қаржылық тұрақтылық тәуекелдерін шектеу үшін Ұлттық банк жекелеген күндері валюталық интервенциялар жүргізді, олардың көлемі наурызда 990,5 млн доллар болған.

«Бюджетке берілетін трансферттер үшін Ұлттық қордан 891 млн долларды сатуы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 233,4 млн доллар мөлшерінде валюталық түсімдерін сатуы да теңгеге қолдау көрсетті. Теңге бағамы наурызда едәуір қалпына келді және ай қорытындысы бойынша 5,7 %-ға нығайып, 1 доллар үшін 467,03 теңге болды. Ұлттық валюта бағамы сәуірдің басында нығаюын жалғастырып, 11 сәуірде 449,63-ті көрсетті», - деп түсіндірді Ғ. Пірматов.

Сәуір айының басында Ұлттық банк теңгенің нығаю себептерін атаған еді. Ұлттық банк сарапшыларының пайымынша, әлемдегі геосаяси жағдай теңге бағамына қысқа мерзімдік сипатта әсер етеді.


Ұқсас жаңалықтар
Қор нарығында доллар сәл ғана арзандады
2022 жылғы 10 тамыз 15:45

Қор нарығында доллар сәл ғана арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 9 тамыз кешімен салыстырғанда 0,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 478, 01 теңге болды.

Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 478, 39 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 478 теңге, сатып алу – 482 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 475,5 теңгеден болса, сатып алу – 479

Ресей рублі 7,25- 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.



Қор нарығында доллар 1,73 теңгеге қымбаттады
2022 жылғы 9 тамыз 15:55

Қор нарығында доллар 1,73 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,73 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 478,39 теңге.

Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,62 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 481 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 476 теңгеден болса, сатып алу – 478 теңге.

Ресей рублі 7,2 - 7,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Өңір тұрғындары көтерген мәселелердің ешқайсысы қараусыз қалмауы тиіс – Әлихан Смайылов
2022 жылғы 9 тамыз 11:53

Өңір тұрғындары көтерген мәселелердің ешқайсысы қараусыз қалмауы тиіс – Әлихан Смайылов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықпен кездесулер кезінде көтерілген ұсыныстардың ешқайсысы қараусыз қалмауы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципінің маңыздылығын атап көрсетті. Біз халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың сын-пікірлерін де тыңдай білуіміз керек. Адамдарды күнделікті болып жатқан қарапайым мәселелер алаңдатады. Тек осындай кездесулердің қорытындысы бойынша ғана халықтың тарапынан 30 мыңға жуық мәселе мен ұсыныс көтерілді. Бұлардың бірде-біреуі қараусыз қалмауы тиіс. Адамдар өздері көтерген мәселелердің нақты шешімін тауып жатқанын көруі керек», - деді Ә. Смайылов.

Осы орайда Үкімет басшысы биылдың соңына дейін орталық және жергілікті органдар халықпен жоспарланған барлық кездесулерді бекітілген формат пен кестеге сәйкес өткізуді жалғастыруы қажет екенін айтты.

«Қазіргі қолда бар заманауи коммуникациялар мен ресурстардың бәрін пайдаланып, әр кездесуді кеңінен жариялап отыру керек. Қандай жұмыс атқарылды, басқа мәселелер қалай шешімін табады, соның бәрін нақты көрсету керек», - деді Премьер-Министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысы кейбір өңірлерде басшылар халықпен кездесудің жаңа форматына бейімделмей, ескі сүрлеуден шыға алмай отырғанын сынады.

Үкімет отырысында биылдан бастап орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының өңірлерге барып, халықпен жүзбе-жүз кездесу өткізудің жаңа тәртібі жүзеге асырылып жатқаны айтылды.


Фото: t.me/KZgovernment



Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT