Теңге бағамы қандай болады - KASE болжамы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - KASE Қазақстан қор биржасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк теңгенің долларға шаққандағы бағамы туралы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Доллар өсіп бара жатыр деп айтуға болмайды. Бізде рекордты көрсеткіш 1 доллар құны 384 теңге болды. Қазір көрсеткіш одан төмен. Барлығы экспорттаушылар тапқан табысын қашан сатады деп күтіп отыр. Соңғы үш айда белгілі сарапшылардан сұрадым. Мен бір нәрсеге таң қалдым. Олардың ешқайсысы доллардың 407-410 деген бағамын көріп тұрған жоқ», - деді Андрей Цалюк.

Оның айтуынша, көктем уақытында доллар бағамы түсуі мүмкін. Одан кейінгі бағам АҚШ пен Ресей арасындағы экономикалық қатынасқа байланысты болады.

«Қазір сауда соғыстарына байланысты жақсы жаңалықтар бар. АҚШ Қытаймен келісе бастады. Қазір сарапшылардың көпшілігі бұл оқиғадан соң жақсы жаңалық күтіп отыр. АҚШ Федералды резерв жүйесі дамушы елдердің нарығына байланысты өз ставкаларын осы қарқынмен жалғастырмайтын болады. Бұл өз кезегінде теңге бағамы тұрақты болып қалады деген үміттеміз», - деді KASE басқарма төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар