Теңге бағамы 1,5 пайызға өсті - Ұлттық банк

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірдің соңында Қазақстанда ұлттық валютаның бағамы 1 АҚШ доллар үшін 327,25 теңгені құрап, 2017 жылғы желтоқсанның аяғынан бері 1,5 пайызға нығайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде валюта нарығындағы жағдай тұрақты болғанын сөз етті. Ұлттық валюта бағамын қалыптастыратын іргелі факторлар қолайлы түрде ықпал етті.

Оның атап өтуінше, биылғы төрт айда 1 АҚШ доллары үшін бағам 318,3 - 333,3 теңге мөлшерінде өзгеріп, жыл басынан бері 1,5 пайызға нығайды. Осы орайда сәуірдің аяғына қарай бір доллар үшін 327,25 теңге мөлшерінде теңелді.

 «Ұлттық банктің алтын-валюта резерві наурыздың соңында 30,6 млрд АҚШ долларын құрап, жыл басынан бері 0,3 пайызға төмендеді. Шетел ваютасындағы Ұлттық қордың активтері наурыздың аяғында 59,3 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр. Жалпы халықаралық резервтер 89,9 млрд АҚШ долларына жетіп, жыл басынан бері 1 пайызға өсті», - деді Олег Смоляков.

Соңғы жаңалықтар