Тең нарықтық жағдайда Қазақстанның құс шаруашылығы шетелдік өнімге бәсекелес бола алады - Серік Толықбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі ел экономикасының одан арғы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін теңге бағамының еркін айналымын қамтамасыз ету сияқты нақты қадамдарға барып отыр. «Біз осынау еліміз үшін күрделі уақытта қызметкерлерімізді барынша әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету үшін мүмкін дегеннің бәрін жасайтын боламыз. Оның сыртында еңбекақыны көтеру үшін қосымша шаралар кешенін қабылдап, бизнесті оңтайландырмақпыз.», - дейді «Өскемен құс фабрикасы» АҚ бас директоры Серік Толықбаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.

Қазақстан экономикасындағы ірі саланың өкілі ретінде және өзімнің бизнес бойынша әріптестерімнің атынан Үкімет қабылдаған шараларды қолдаймын және оларды қалыптасқан жағдайда қажетті әрі өте уақтылы деп санаймын. Біз әлемнің көптеген елдерінде теріс эко¬номикалық үдерістердің болып жатқанын көріп отырмыз, олар Қазақстанға да әсерін тигізеді. Мәселен, Ресей рубль бағамын төмендеткен сәттен бастап, Қазақстанның құс шаруашылығы саласы елеулі қиындықтарды бастан кешуде. Үкімет қабылдаған шаралар отандық бизнесті қолдауда дұрыс және уақтылы болып табылады. Бағамның айырмашылығынан міне, бірнеше айдан бері қазақстандық кәсіпорындарға өндіріс көлемін төмендетуге тура келіп отыр, ал 5-6 мың жұмыс орындары қысқарту қаупінде тұрды. Бірақ, қабылданған алдын алу шаралары бұл кері әсерлерді жұмсартуға жағдай жасайды. Отандық өнімнің импорттық өнімнен еш кем емес екенін және рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы жоғары болған кезде бәсекелестікте ешқандай проблема туындамағанын атап көрсеткім келеді. Яғни, тең нарықтық жағдайда Қазақстанның құс шаруашылығы саласы шетелдік өнімге бәсекелес бола алады. Оның сыртында үстіміздегі жылы құс өсірушілер одағы әкелінетін құс етінің сапасын зерттеу үшін Астана мен Алматы рыноктарына талдау жүргізді. Сонда көптеген өнімдердің сапа жағынан біздікінен кем екені, бірақ баға айырмашылығына байланысты олардың бәрібір сұранысқа ие екені анықталды. Осыған орай Үкімет пен Ұлттық банк қабылдаған шаралар біздің құс шаруашылығы саласына елеулі қолдау көрсетпек. Біз осынау еліміз үшін күрделі уақытта қызметкерлерімізді барынша әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету үшін мүмкін дегеннің бәрін жасайтын боламыз. Оның сыртында еңбекақыны көтеру үшін қосымша шаралар кешенін қабылдап, бизнесті оңтайландырмақпыз. Көптеген сарапшылар әлемдік экономика жағдайының нашарлайтынын ертеден-ақ болжаған еді. Теріс тенденциялардың шиеленісуі біздің саламызға, әсіресе, елдің шекара маңындағы өңірлеріндегі өндірушілер үшін кері ықпалын тигізеді. Осыған байланысты біз қабылданған шаралардың маңыздылығын тағы бір атап өткіміз келеді.

Соңғы жаңалықтар