Темза өзенінің алғаш рет аңқасы кеуіп, арнасы қаңсып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британиядағы Темза өзенінің бас жағы аптап ыстықтан тартылып қалды. Өзен арнасы 8 км төменге дейін кеуіп қалған, деп хабарлайды The Guardian.com.

Rivers Trust экологиялық ұйымының саясат және экология мәселелері бойынша жетекшісі доктор Роб Коллинз Темза өзенінің арнасы Глостершир графтығында кеуіп, қаңсып жатқанын, енді өзеннің әуелгі бастауынан төменге қарай 5 миль (8 км) жерден бастап қана болымшы судың «жылап ағып» жатқанын айтады.

Темза — Британияның оңтүстік бөлігіндегі өзен, ұзындығы 330 километр.

Шілде айында бұл елде аптап ыстық болды. Бұған дейін Британияда тіркелген ең жоғары температура 38,7 градус болса, биылғы жазда рекорд бұзылып, ыстық 40,3 градусқа жеткен.

Британияда 1935 жылдан бері шілдеде қуаңшылық болып келеді. Сумен қамтитын бірнеше компания суды пайдалануға шектеу енгізген.
Франция мен Испанияда да күн шыжып тұр. Белен-Белье қаласында ауа температурасы 39,6 градусқа жеткен. Тулуза (оңтүстікте) мен Лионда (оңтүстік-шығыста) 38° C, Страсбургте (шығыста) 36° C, Парижде 35° C ыстық боп тұр.

Испанияның синоптиктері елдің шығыс және оңтүстік бөлігіндегі бірнеше ауданда түннің өзінде ауа температурасы 20 градустан түспей тұрғанын айтады. Оған әдеттегіден Жерорта теңізінің суы 3-4°C жылы болып тұрғаны себеп болуы мүмкін деп санайды.

Соңғы жаңалықтар