+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Теміржолшылар Алматы-Петропавл пойызын дер кезінде тоқтатып, апаттың алдын алды

2019 жылғы 11 желтоқсан 21:18
Бөлісіңіз:
Теміржолшылар Алматы-Петропавл  пойызын дер кезінде тоқтатып, апаттың алдын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 10.43-та күзетілетін теміржол өтпесінде, Қарағанды-Сұрыптау - Нұр-Сұлтан учаскесінде машинист «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызын тоқтатты. Өтпеден 200 метр қашықтықта рельсте жүк көлігі тұрып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сарыағаш ауданында анасы байлап ұстаған 2 жасар бүлдіршін ауруханада жатыр Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіруге жендет жалдаған әйелге үкім шықты Рим әуежайында коронавирусқа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

Өтпе бойынша кезекші Болат Бекбергенов дер кезінде бөгегіш дабылының түймешесін ағытып, орын алған қауіпті машинистке ескертіп үлгерді.

Белгілі болғандай, жүк көлігі темір жол үстіне шығып, техникалық ақауына байланысты кенеттен сол жерде тұрып қалған. Өтпе бойынша кезекші мен Қарағанды локомотив пайдалану депосының локомотив бригадасы – машинист Вячеслав Козлов пен оның көмекшісі Мейрам Охановтың үйлесімді жұмысының арқасында пойыз автомобильге соғылмады.

Оқыс оқиға салдарынан пойыз екі сағатқа кешікті.

Айта кетер болсақ, 2019 жылы теміржол өтпелерінде 30 жол-көлік оқиғаы тіркелген. Олардың басты себебі – жүргізушілердің жол ережесін бұзуы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚТЖ, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT