Теміржолдардан қарды тазалау тәулік бойы жүргізілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23-30 қараша аралығында 1300 шақырым теміржолдың қары күрелді. Бұл туралы ҚазАқпарат. «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан темір жолының Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы магистралдық желісіне теміржолдарды қардан тазартуға арналған техникалардың барлық түрі, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарының қарын күреуге 9300 теміржолшы жұмылдырылды.

«Бір аптада 1300 км теміржолдың қары күреліп, 12 мың текше метрден астам қар тасып шығарылды. Жолдарды тазалау жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

null  Компания өкілдерінің айтуынша, өңірлік бөлімшелердің жұмысшылары пойыздардың тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етуге барын салып отыр. 

null

Соңғы жаңалықтар