Теміржолда жол қауіпсіздігі ережесін бұзу жағдайлары жиіледі - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісі дирекциясының филиалдарында теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы жабдықтар мен мобильді диагностикалық кешенді қолдана отырып, теміржолдар мен бағыт бұрмаларын тексеру нәтижесінде (тексеру қазан айында Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілді) жолаушылар мен жүк поездары жүретін теміржолдарда қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін 1000-нан астам ереже бұзу жағдайы анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша теміржолдарды күтіп ұстау бойынша ережебұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін өрескел заңбұзушылықтарға байланысты тексеру кезінде 127 теміржол және 108 бағыт бұрмаларын пайдалану тоқтатылды, 350 жылдамдық шектеулері берілді, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрамның 56 бірлігі пайдаланудан қалып қойды. Заңбұзушылықтарды жойғанға дейін ШҚО, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында және басқа да облыстарда бірнеше теміржолдардың қызметі толығымен тоқтатылды.

2020 жылдың он айында теміржол көлігі субъектілері қозғалыс қауіпсіздігін 826 рет бұзды, ол бойынша көліктік бақылау қызметкерлері 53 млн теңгеге жуық сомаға әкімшілік материалдар толтырды. Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін талдау өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ереже бұзу әрекеттерінің өскенін көрсетті: 2019 жылы 808 бұзушылық тіркелді.

«Қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері ҚР ИИДМ Көлік комитетінің ерекше бақылауында екенін атап өту қажет. Бақылау теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін, жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ санитарлық-карантиндік режимді ескере отырып, теміржол көлігінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жүргізіледі. Егер сіз теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілгеніне куә болсаңыз, бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік комитетінің +7 7080880800 WhatsApp-нөміріне хабарлаңыз»,-делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар