Теміржол - селфиге түсетін жер емес: ҚТЖ қазақстандықтарға ескерту жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» қазақстандықтарға теміржол көлігі нысандарында мұқият болу керектігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміржолда балалардың қатысуымен болатын қайғылы жағдайлар жиілеп кетті: соңғы үш күнде екі жасөспірім қайтыс болды.

Мәселен, 25 желтоқсанда Тараз станциясында пойыз вагонында селфи жасау әрекеті кезінде 15 жасар жасөспірім түйіспелі сымдағы токтан қаза тапты.

Осыған ұқсас оқиға 27 желтоқсанда Алматы станциясындағы қабылдау-жөнелту паркінде орын алды.

Селфи жасаған екі жасөспірім жоғары кернеулі ток разрядын алды. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды.

Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандықтарға теміржол көлігі нысандарында мұқият болуды және өз өмірлеріне қауіп төндірмеуді сұрайды.

Теміржол көлігі – жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды қажет ететін қауіпті аймақ.

«Жаяу жүргіншілер көпірін, төсемдерді пайдалана отырып, жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізіп барып, белгіленген орындардан темір жолды кесіп өту қажет. Теміржолда, пойыз вагондарында фото және бейне түсірмеңіз. Жоғары кернеулі сымдардың жанында, перрондарда, сүріну оңай қауіпті жерлерде суретке түсуге қатаң тыйым салынады. Ешқандай да керемет кадр денсаулығыңызға немесе өміріңізге татымайды « деп ескертеді ұлттық тасымалдаушы .


Соңғы жаңалықтар