Теміржол қызметкерлері бүлік кезінде зардап шеккендер үшін қан тапсыруда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теміржол қызметкерлері жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен азаматтар үшін қан тапсыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық компания қызметкерлері зардап шеккендердің емі үшін ерікті түрде қан тапсырып жатыр. Қазір барлық өңірдегі теміржолшылар қан тапсыру орталықтарына жүгінуде», - деді ҚазАқпарат тілшісіне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қайсар Жұмабайұлы.

Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдай режимі кезеңінде медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша халыққа кеңес беретін 1406 байланыс орталығының қосымша номерлерін іске қосты: 8-7172-67-41-33, 8-7172-67-41-34, 8-7172-67-40-92.

Сондай-ақ Қ.Жұмабайұлы Алматыдан Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларына қосымша 3 пойыз іске қосылғанын мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар