+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Теміртаулық полицейлер суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

2020 жылғы 19 ақпан 13:04
Бөлісіңіз:
Теміртаулық полицейлер суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Теміртау қаласының полиция қызметкерлері техникалық суға толы шұңқырға батып бара жатқан 11 жастағы баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 ақпанда Теміртау қаласының 117 орамында «ArcelorMittal Теміртау» АҚ су құбыры жарылып, осыған байланысты патрульдік полицейлер жол қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болған. Сағат 18.00-ге жуық патрульдік нарядқа әйел адам жүгіріп келіп, шұңқырға батып бара жатқан баланы құтқаруды сұрады.

Теміртау қаласы ІІБ патрульдік полиция батальонының взвод командирі полиция аға лейтенанты Асхат Жәкенов дереу оқиға орнына келіп, суға белуардан кіріп кеткен баланы көрген. Тәртіп сақшысы баланы суға толы шұңқырдан шығарып алып, арқасына отырғызып, оны қауіпсіз жерге алып шыққан. Патрульдік машинада оқушының су болып қалған аяқ киімі мен киімдерін шешіп, баланы полицейдің күртешесіне орап орап алған.

«Асхат Джакенов баладан анасының телефон нөмірін біліп, онымен байланысып, баласының суға түсіп, оны шығарып, үйіне жеткізетінін хабарлады. Анасы ұлын үйдің ауласында күтіп тұрды», - деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Алайда, 117 орамдағы үйлерге кірме жолдар су астында қалғандықтан патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция капитаны Әсет Бұланбаевқа баланы өз күртешесіне орап, Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне беруге тура келді. Құтқарушылар баланы үйге жол талғамайтын көлікпен жеткізді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT