Теміртаулық өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін ескертудің жаңа әдістерін қолдануда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаулық өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін ескертудің жаңа тәсілін тапты. Енді олар өрт қауіпсіздігі ережесі жазылған парақшаларды пиццамен бірге таратуды көздеп отыр. Бұл туралы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарланды.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың басты міндеті - адам өмірі мен олардың мүлкін аман алып қалу. Осы бағытта құтқарушылар үшін халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізу маңызды, себебі өртті сөндіруден гөрі оның алдын алған әлдеқайда пайдалы.

Қарағанды облысының ТЖД және оның бөлімшелерінің қызметкерлері халық арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Құтқарушылар аулаларды аралау және тағы да басқа алдын алу іс-шараларынан бөлек, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізудің түрлі тәсілдерін қолданады.

Теміртау қаласының ТЖ басқармасы сусындар мен құтыдағы судың ірі өндірушісінің демеуімен тапсырыс берушілерге өрт қауіпсіздігі шаралары жайында жадынамалар тарату ісін қйымдастырды.

Сонымен қатар, тұрмыстық газды газ балондарымен тасымалдауды жүзеге асырушы «Темир Газ» ЖШС-нің демеуімен баллондағы газды тұтынушыларға өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалармен жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды.

Осы уақытта «Оқжетпес» ЖШС-нің көмегімен коммуналдық қызмет төлемдері туралы квитанцияларымен қоса, пәтер және жекеменшік тұрғын үй иелеріне өрт қауіпсіздік шаралары туралы жадынамаларды жеткізу жолға қойылған.

Бұдан басқа, пицца жеткізу бойынша қызмет көрсететін ұйыммен келісімге қол жеткізілді. Енді Теміртау тұрғындары пиццамен бірге алдын алу жадынамалары таратылады.

ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерінің қарапайым талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді:


- оқшауламасы зақымдалған немесе қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерін пайдаланбаңыз;

- пешті уақытылы жөндеп, түтін шығатын құбырды күйеден тазалаңыз;

- ақаусыз электр құралдарын қолданыңыз;

- қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолданбаңыз;

- сіріңке мен тұтандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

- тек жарамды газ құрылғыларын пайдаланыңыз.

Соңғы жаңалықтар