Теміртаулық оқушылар эко-челлендж бастады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Теміртау қаласында оқушылар экологиялық челлендж бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ әкімдігінен мәлім еткендей, акция бастамашылары азаматтарды өз қаласын, ауласын көгалдандыруға шақырады. Оқушылар әлеуметтік желілер арқылы азаматтық белсенділікті арттырып, жасыл желектер отырғызуға барынша көп адам тартқысы келеді.
«№16 мектептің оқушыларымен бірге экологиялық челлендж жарияладық. Ағаш отырғызып, #дышиТемиртау хэштегі бар фото немесе бейнероликті әлеуметтік желілерге орналастыру қажет. Бұл қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын адамдарды біріктіруге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - дейді педагог және тәуелсіз эколог Елена Варганова. Оның айтуынша, ағаштарды отырғызу дәстүрлі түрде 1 қазанда аталып өтетін қала күніне орай жақсы сыйлық бола алады. Ең белсенді көгалдандырушыларды ұйымдастырушылар сертификаттармен және сыйлықтармен марапаттауға уәде береді.



Соңғы жаңалықтар