Теміртаулық дәрігерлер атыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында дәрігерлер жас жігіттердің атысуы салдарынан зардап шеккен бес адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір науқас Теміртау қаласындағы орталық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Екінші науқас палатаға ауыстырылды, оның денсаулығы бірқалыпты. Қалған үшеуі үйлеріне жіберілді», - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқарамасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. 

Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етілгендей, атыс фактісі бойынша ҚР ҚК 24-99 бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Еске салайық, 10 мамырда Қарағанды облысты  Теміртау қаласында болған атыс салдарынан 18-25 жас аралығындағы 5 жігіт ауруханаға жеткізілген болатын. 20 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол жанжал кезінде зардап шегушіге оқ атқанын мойындады. 

Соңғы жаңалықтар