Теміртауға қара қар жаумайтын болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспар бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Естеріңізне сала кетейік, «қара қармен» байланысты жағдайдан соң Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов металлургтер шаһарындағы экологияны жақсартуға бағытталған шаралар кешенін құру туралы тапсырма берген болатын. Басты шарт жүйелі әдістер құру. Құжат жобасына өз ұсыныстарын дербес экологтар мен Теміртау қаласының белсенді топ мүшелері енгізді. Жоспарды орындау мониторингі тоқсан сайын өткізіліп отырады. Әр тармақ бойынша жауапты тараптар анықталған. 

Жоспарға ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының атмосфераға ластаушы заттардың шығаруын төмендету бойынша шаралар енгізілген. 
Тазарту құрылғыларын қайта қалыпқа келтіру және орнату, өндірісті жаңғырту және тағы басқа мәселелер қарастырылған.

Қалада энергия үнемдеуді жоғарылату, қалдықтарды басқару және су ресурстарын қорғау бойынша шаралар ескерілген. Кешенді жоспар шараларында стационарлық көздерден атмосфераға шығатын ластаушы заттардың жіберілуін 82,7 мың тоннаға дейін, жылжымалы көздерден 15-20% дейін, күкірт сутектің шығарылуын 30% дейін, қалдықтардың қоймалануын жылына 1,3 млн тоннаға дейін төмендету көзделген.

Сондай-ақ қаланың дендрологиялық жоспары құрылады. Теміртауда жасыл желектердің санын анағұрлым ұлғайту жоспарланып отыр.
Жоспарға қоршаған ортаның жағдайына қоғамдық бақылау жасауға бағытталған шаралар енгізілген. 

 

Соңғы жаңалықтар