Теміртаудан шығарылатын қалдықтың 87 пайызы «АрселорМиттал»-ға тиесілі – Экология министрлігі
«Теміртау қаласынан өткен жылы шығарылған қалдықтардың көлемі 212 мың тоннаны құрады. Қала атмосферасын негізгі ластаушы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинаты. Оның үлесіне қала бойынша зиянды қалдықтың 87% - ы және облыс бойынша 40% -ы тиесілі. Қарағанды облысына арналған экологиялық жол картасына сәйкес Теміртаудағы жағдайды оңалтуға 28 іс-шара қарастырылған. Оның ішінде 22 тармақ бойынша орындауды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өз міндетіне алады», - деді З. Жолдасов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Одан бөлек, комитет басшысының сөзіне сенсек, аталған компания екіжақты меморандум аясында атмосфераны ластауды 30% - ға азайтуға міндетті және қала маңына 500 мың ағаш отырғызу керек.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласынан өткен жылы 113 мың тонна түрлі деңгейдегі қалдық шығарылған.
Фото: saigez.kz