Теміртаудағы ЖЭО-да өрт шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаудағы ЖЭО ғимараттарының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қалалық ТЖБ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 отын-көлік цехының вагон-аударғыш  ғимаратында көмір мен оны таситын көлік лентасы жанып кеткенін растады.

«Оқиға орнына «Өрт сөндіруші» АҚ-ның Қарағандыдағы бөлімшесінің бірінші жасағына тиесілі 8 автоцистерна мен 1 автосаты пен ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің төртінші жасағы жетті», - деп хабарлады Теміртау қалалық ТЖБ басшысы Арман Алпысбаев.

Қауіптілігі ең жоғары деңгейде белгіленген өрт сөндірілді.

«Өртті сөндіруге қою түтін мен ғимараттың құрылымдық ерекшелігі кедергі келтірді. 12:47-де өрт сөндірілді. Оқыс оқиға өндірістік процеске кедергі келтірмеді», - деп түсіндірді Арман Алпысбаев.


Соңғы жаңалықтар