Теміртаудағы тұрмысы төмен отбасыларға газдандыру кезінде бір реттік көмек көрсетіледі

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртаудың әлеуметтік қорғалатын санаттағы тұрғындарына үйлерді газға қосу кезінде материалдық көмек көрсетіледі. Бір жолғы әлеуметтік төлем зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұрғын үй иелері, мүгедек балалары бар, сондай-ақ көп балалы отбасыларға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір жолғы әлеуметтік төлемді алу үшін аталған санаттағы өкілдер Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беруі қажет. Бұл ретте келесі құжаттарды ұсыну тиіс:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) газ жабдығын жеткізумен және орнатумен байланысты тұлғаның (отбасының)шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтер көрсетуге арналған шарт);

3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәлігі);

5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

6) Екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

«Біз тұрғындарды табиғи газға қосу үшін газ тарату желілерін жүргіземіз. Шығындарды өтеу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 130 АЕК-ке дейін біржолғы әлеуметтік көмек көрсете бастады», – деді Теміртау әкімі Қайрат Бегімов.

Айта кету керек, бүгінде Теміртауда 80 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды. 900-ге жуық үй қосылуға қол жетімді.

Қосымша ақпарат алу үшін Теміртау қаласы, Чайковский көшесі, 22, 3-кабинетте орналасқан Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуға болады. Телефоны: 95-55-55.



Соңғы жаңалықтар