Теміртаудағы металл комбинаты тоналды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында полицейлер 86 тоннадан астам салқын домалақталған металдың ұрлану фактісін анықтады, деп хабарлайды өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның аумағында жедел-алдын алу шараларын өткізу кезінде Қарағанды облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері гараж ғимаратында салмағы 86 тоннадан асатын салқын домалатылған металды тапты. Ұсталған азамат - Теміртау қаласының 45 жастағы тұрғыны», - делінген хабарламада.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабымен қылмыстық іс қозғалып, сот алдындағы тергеу жұмыстары өткізілуде.

Тергеу нұсқасы бойынша, қылмысты бір топ адам жасаған. «Қазіргі кезде сыбайластарды ұстауға бағытталған шаралар өткізілуде», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар