Теміртаудағы мектепте өрт шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласындағы мектептің шеберханасы өртенді. 21 адам өрт сөндірушілер жеткенше өз бетімен ғимараттан шығып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 қаңтар күні 17:13-те өртке қарсы қызметке Теміртау қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектепте өрт шыққаны туралы хабар келді. Мектептің шеберханасындағы 0,2 шаршы метр ауданды алып жатқан қоқыс өртенген. 21 адам өрт сөндірушілер жеткенше өз бетімен ғимараттан шығып үлгерген. Соның 15-і балалар», - делінген хабарламада.

Өрт сағат 17:27-де ауыздықталып, 17:29-да толықтай сөндірілді. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнына Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылған.

Авторы: Камила Әмірова

Соңғы жаңалықтар