Теміртаудағы ең танымал көлік - трамвай

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау тұрғындары қалада түрлі автобус, таксилердің болуына қарамастан, экологиялық таза көлік - трамвайға мінгенді артық санайды. ҚазАқпарат тілшісі қаладағы трамвай паркінің жұмысымен танысты.

Теміртаудың трамвай жүйесі 1959 жылғы 5 қыркүйекте ашылды. Қазақстанда трамвай желілері тек Теміртау, Павлодар және Өскемен қалаларында ғана қалған. Металлургтер қаласында трамвай бағдары бұрын төртеу болатын, қазір соның тек біреуі пайдаланылады. Қарағанды металлургия комбинаты 1993 жылы қала тұрғындарының игілігі үшін жеті жаңа трамвай сатып әперді. Кейіннен қала орталығынан ең шеткері жатқан сегізінші шағын ауданға дейін рельс жатқызылып, №3 және №4 трамвай бағдарлары пайда болды. №1 және №3 бағдарлар 2005 жылдың аяғында жабылды. Қазір трамвайда жүру құны - 50 теңге. 
null

Теміртау трамвай паркі басшысының орынбасары Валерий Сивконың айтуынша, паркте 180 адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың барлығы тәжірибелі мамандар. Мәселен, екінші классты жүргізуші Лариса Трухина 25 жылдан бері еңбек етіп келеді.

«Мен бүкіл өмірімді осы салаға арнадым. Бастысы, ол маған ұнайды. Трамвайды жүргізу қиын емес, дегенмен әр жұмыстың өзіне тән қиындықтары болады. Біздің жұмыста ерекше сақтық пен қырағылық, жылдамдықты қадағалап отыру қажет. Теміртауда трамвай 05:00-ден 23:30-ға дейін жүреді. Әр бригада - 12 адамбыз. Негізінен әйелдер. Бізді күнде жұмысқа апарып, үйге жеткізеді. Желіде 18 вагон бар, соның 12-сі ауысыммен жұмыс істейді, алтауы қауырт шақта жүреді», - дейді Лариса Трухина.
null

Тұрғындар да қала үшін трамвай өте қажет екенін айтады.

«Трамвай қоршаған ортаға залал келтірмейді, ластамайды. Оның үстіне трамвай орталық көшеден өтеді, тұрғындар үшін трамвайда жүрген өте ыңғайлы», - дейді қала тұрғыны Шырайгүл Исабаева.

Бұдан тыс, трамвай Теміртау тұрғындарының өміріндегі ыстық естеліктердің бір бөлігі. Бітірушілер, жаңа шаңырақ көтергендер трамвайларды жалға алып, ішін әрлеп, дастарқан жайып, қалада қыдырғанды сәнге айналдырған.

nullnull

Соңғы жаңалықтар