+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Теміртаудағы екі мектепке Әлихан Бөкейхан мен Бауыржан Момышұлының есімдері берілді

2021 жылғы 13 қаңтар 13:49
Бөлісіңіз:
Теміртаудағы екі мектепке Әлихан Бөкейхан мен Бауыржан Момышұлының есімдері берілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақ елінің атақты ұлдарының есімдерімен металлургтер қаласының екі оқу орны аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО мектептерінде 60-қа жуық заңбұзушылық анықталды Қарағанды облысының мектептерінде асханалар ашылуда Нұр-Сұлтанда 0-4-сыныптарға сабақ қашықтан өткізіледі

Теміртаудағы №15 қазақ мектеп-гимназиясына қоғам және саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Ол - «Алаш» ұлттық партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1917 жылы Әлихан Бөкейхан Қазақ автономиясы үкіметінің басшысы болды.

Оқу орнының директоры Бағдат Нашкенов бұл бүкіл ұжым, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін үлкен мақтаныш деп санайды.

- Жаңа жыл қарсаңында мектепке мемлекетіміздің дамуының бастауында тұрған Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Біз бұған өте қуаныштымыз, - деді Бағдат Нашкенов.

Теміртаудағы №23 мектепке белгілі қазақ қолбасшысы Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін капитан Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Жергілікті биліктің айтуынша, бұл атаулар біздің еліміздің тәуелсіздігі үшін көп жұмыс жасаған ұлы ата-бабаларға құрмет болып табылады.

Биыл Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналғанына 30 жыл толады. Осыған орай Теміртауда ақындар айтысы, «Жауыртау кездесу» облыстық Форумының фестивалі және басқа да шаралар өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT