+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Теміртаудағы әйгілі Қысқы бақ жаңартылды

2020 жылғы 10 шілде 20:51
Бөлісіңіз:
Теміртаудағы әйгілі Қысқы бақ жаңартылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда қысқы баққа күрделі жөндеу жүргізілді. Оранжереяға бұрыннан өзгеріс қажет болатын. Жөндеу жұмыстаына қаражат «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауқымды жұмыс атқарылды. Ғимараттың терезелері ауыстырылып, шатыры жөнделді. Суару жүйесін жаңартылды. Бұған дейін бізге өсімдіктерді қолмен бүркуге тура келетін. Енді жұмыстың барлығы анағұрлым жеңілдеді. Климат-бақылау жүйесі пайда болды, кондиционерлер орнатылды», - деді агроном Ботагөз Тәшенова.


Маманның айтуынша, өсімдіктер жөндеу кезеңіннен жақсы өтті. Топырақ қыртысын ауыстыру оларға жақты. Қазір жаңартылған бақта қытай раушандары, олеандр белсенді гүлдеуде.

Теміртауда қысқы бақ 1993 жылы 16 қаңтарда ашылды. Жылыжайдың ауданы - 2 мың шаршы метрден асады. Оның жобалық орындалуы күрделі етіп жоспарланған. Арка түріндегі биік ғимарат шығыс стилінде салынған, төменгі жағында витраждармен жабылған.

Қысқы бақта отаны тропикалық, субтропикалық және әлемнің шөлді аймақтарында өсетін көптеген ерекше өсімдіктің 120-дан астам түрі жиналған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT