Теміртаудағы атыс: Жарақат алғандар ауруханадан шығарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда атыс кезінде жарақат алғандар ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы екі науқас Теміртау қаласындағы орталық ауруханадан шығарылды. Бүгінде бесеуінің де жағдайы тұрақты деп бағалануда», - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Еске салайық, 10 мамырда Қарағанды облысты  Теміртау қаласында болған атыс салдарынан 18-25 жас аралығындағы 5 жігіт ауруханаға жеткізілген болатын. Қаланың 20 жасар тұрғыны жігіттермен сөзге келіп қалғандықтан, оқ атқанын мойындады. Аталмыш факті бойынша, ҚР ҚК «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейін тергеу басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар