Теміртауда жоғалған баланы 200-ден астам адам іздеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Теміртауда 9 жасар бала жоғалып кетті. Баланы іздестіруге 198 полицей мен 100 әскери қызметкер жұмылдырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Осы жылдың 25 қыркүйегі күні, сағат 00.30-да Теміртау қалалық полиция басқармасының Старогород полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне 9 жастағы ұлының жоғалғанын айтып, 30 жастағы әйел арызданған. Бала 24 қыркүйек күні сағат 18.30-да жоғалған, алайда анасы полицияға 00.30-да ғана келген.

«Аталмыш дерек бойынша Теміртау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы, 168 қызметкер, 100 әскери қызметкер жұмылдырылды. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 25 қыркүйек күні сағат 03.00-де жоғалған бала туыстарының үйінен табылды», - деп мәлім етті Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек Теміртау қаласы әкімінің қасындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясында қарастырылады. Бұл жағдайға баланың сабақтан тыс уақытта ата-ананың қарауынсыз қалып қоюы себеп болып отыр.

Соңғы жаңалықтар