Теміртауда жанып жатқан пәтерден ер адам құтқарылды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда қалалық патрульдеу кезінде әскери наряд қызметкерлері жанып жатқан пәтерден 38 жастағы ер адамды құтқарып, кіреберістен 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға түнге жуық болған. Патрульдеу барысында әскери жасақ басшысы қатардағы жауынгер Қалбек Рыспек, қатардағы жауынгерлер Алламбай Аслан мен Мұстахим Қуандықпен бірге Теміртау қаласының Блюхер көшесіндегі 4 қабатты тұрғын үйді от шарпығанын байқаған.

Өрт туралы әскери нарядтар мен ақпараттық бекеттер бойынша кезекшіге баяндап, оқиға орнына өрт сөндіру бригадасын шақырған.

«Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері келгенге дейін тәртіп сақшылары 1982 жылы туған ер адамды жанып жатқан пәтерден шығарып алды. Аталмыш кіреберістің 25 тұрғыны қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Әскери жасақ Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің келуіне дейін үйді қоршауды ұйымдастырды», - деп хабарлады «Орталық» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен.




Соңғы жаңалықтар