Теміртауда ұйымдастырылған көрмеге көне Құран кітабы қойылды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртаудың тарихи-өлкетану мұражайында рухани келісім күніне арналған экспозиция ашылды. Бұл мереке Қазақстанда 18 қазанда атап өтіледі. Көрменің басты жәдігері - өткен ғасырдың басында жарық көрген мұсылмандардың қасиетті Құран кітабы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай сыйлықты мұражайға 20 жыл бұрын мешіттің наиб имамы Әбдуәли Асанов тарту еткен болатын. Оның отбасында бұл кітап құнды жәдігер болған және әкеден балаға мұра ретінде қалып отырған.

Құранның ежелгі көшірмесі бүгінгі күнге дейін толық күйінде сақталмаған. Бұл тек ортаңғы бөлігі. Кітапта араб тіліндегі 60 тарау бар.


«Құран тек араб тілінде ғана қасиетті саналады. Жалпы бұл кітап әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған. Кітап 6 200 аяттан тұрады, олар сүреге жинақталған. Мұнда 114 сүре бар, олар өз кезегінде Мекке және Медина сүрелері болып бөлінеді», - дейді тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия-бұқара бөлімінің меңгерушісі Гүлім Сыздықова.

Рухани келісім күніне арналған көрме қазан айының соңына дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар