Теміртауда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда көпқабатты үйлердің бірінде төртінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен 4 жасар бала құлап кетті. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 шілде күні сағат 19:14-те Теміртау қаласында 4-қабаттағы пәтердің терезесінен 2017 жылы туған қыз бала қараусыз қалып, абайсызда құлап кеткен.

«2017 жылғы бала 4-қабаттан құлағаннан кейін ауруханаға түскен. Науқаста биіктіктен құлау жарақаттары анықталд ы . Іш жарақаты. Дистальды аяқтың эпифизінің жабық эпифизиолизі. Иек аймағының жарақаты», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ересектер тарапынан дұрыс бақылаудың болмауы — балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себебі, дейді облыстық ТЖД мамандары. Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналардан кішкентай балаларын әрдайым қадағалап отыруды, оларды терезелері бар ашық үй-жайларда жалғыз қалдырмауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар