Теміртауда субұрқақтың қола бүріккіштерін ұрлағандар қолға түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда қалалық субұрқақтан құны 650 000 теңгелік 125 қола бүріккішті ұрлаған екі тұрғын оқиғаның ізі суымай ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің ІІД-де мәлім еткендей, 17 тамыз күні полицияға қала әкімдігінің қызметкері шағымданған. Ол арызыңда белгісіз біреулер қалалық субұрқақтың қола бүріккіштерін ұрлап кеткенін жеткізген.

20 тамызда бейнебақылау камераларының көмегімен ұрылардың субұрқақтан бүріккіштерді алып жатқан әрекеті анықталды. Оқиға орнына жедел түрде полиция жасағы жіберіліп, қылмыстың ізі суып үлгерместен Теміртаудың 31 және 32 жастағы екі тұрғыны ұсталды.

Күдікті азаматтар алдын ала тергеу амалдарын жүргізу кезінде осыған ұқсас екі қылмысты жасағанын мойындап, түсінік берген.

Аталмыш дерек «Бөтен мүлікті тонау» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Оқиғаға қатысты заттай айғақтар алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар