Теміртауда студенттерге қызылшаға қарсы екпе салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында қызылша ауруына қарсы екпе егу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екпеден кейін медициналық колледждің 18 студенті ауруханаға түсті, деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

«Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 317 бабы - «Медицина немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Теміртау қалалық прокуратурасы бөлім бастығы Алмас Смағұлов.

Бұрын хабарланғандай, Теміртауда қызылша ауруына қарсы екпе салынған медициналық колледждің 18 студенті ауруханаға түскен.

«Облыста қызылша ауруына қарсы екпе егу басталды. Теміртау медициналық колледжінің 18 студенті қаланың медициналық мекемелеріне «вакцинадан кейінгі синдром» диагнозымен жеткізілген. Бүгін оларды қарап шықтық. 17 адам ауруханадан шығарылуға рәсімделсе, тағы біреуі дәрігерлердің қарауында қалады", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан рәсімделсе, тағы біреуі дәрігерлердің қарауында қалады", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбаев тілшілерге берген сұхбатында.

Оның мәліметінше, Үндістанда шығарылған вакцина колледждің 178 студентіне егілген.

Соңғы жаңалықтар