Теміртауда шіріген картоптың кесірінен екі адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртауда жерқойманы тазалап жатқан жерінде ер адам мен бір әйел көз жұмды. Сондай-ақ, үш өрт сөндіруші уланып қалды. Жерқоймада шіріген былтырғы жылғы картоп сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға қаланың 6-шы шағын ауданында болған.

«Ер адам мен әйел адам жерқойманы былтырғы жылғы картоптан тазалау үшін төменге түскен. Алайда олар қауіпсіздік шарасын сақтамаған, яғни қауіпсіздік маскасын тақпаған», - дейді Теміртау қаласы ТЖ басқармасының жетекшісі Арман Алпысбаев.

Бас құтқарушы картоп шіріген кезде одан көмірқышқыл газы бөлінетінін айтты.

Жерқоймаға түскен екі кісінің 5 жасар жиені олардың тұншығып, есінен танып бара жатқанын көрісімен жақын маңдағы көлікке қызмет көрсету орталығына барып көмек сұраған. Олар дереу полицейлер мен жедел жәрдем қызметін шақырған.

«Құтқару операциясы кезінде үш өрт сөндіруші уланып қалған. Жерқоймадағы улы газдың қоюлығы сондай, құтқарушылар да аурухана көмегіне жүгінген», - дейді Арман Алпысбаев. 

Соңғы жаңалықтар