Теміртауда самбодан әлем чемпионын өлтіріп кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін таңертең Теміртау қаласында (Қарағанды облысы) жастар арасындағы спорттық самбодан әлем чемпионы Қызмет Балтабектің өлі денесі табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бүгін Теміртау қаласының Шығыс полиция бөлімінің «Металлург» стадионына тақау жерде бұғана астынан пышақталған жас жігіттің денесі табылғандығы туралы хабар түсті», дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Өлген жігіттің кім екендігі анықталды. Ол 20 жастағы есімі белгілі спортшы болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қолда бар ақпараттарға қарағанда, қылмыскерді құрықтау үшін полицейлер «Тосқауыл» жоспарын іске қосқан.

Болашағы зор жас спортшы Қ.Балтабек бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы болып, 2009 жылы Болгарияда самбодан әлем чемионатының жеңімпазы атанған еді.

Соңғы жаңалықтар