Теміртауда пойыз жұмысшыны қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Темиртау» компаниясының металургиялық комбинатының цехтары арасында шойын бөлшектерді тасымалдаумен айналысатын жүк құрамы теміржолда жұмысшыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмысшының денесін қайғылы оқиға болған кезде осы маңда жұмыс істеп жатқан монтажшылар тапты.

«Металургиялық комбинаттың аумағында нендей жағдай болғандығын анықтаумен полиция айналысып жатыр. Оқиғаны көрген куәгерлер жоқ, біз әлі ештеңе білмейміз»,-деді Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісі.

Қайтыс болған жұмысшысы тендер ұтып алып, құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізіп жатқан «Техол-Монтаж» ЖШС-нің еңбеккерлерінің тізімінде болған.

Соңғы жаңалықтар