+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Теміртауда полицейлер 10 млн теңгенің бұйымын ұрлаған күдіктілерді ұстады

2020 жылғы 29 қаңтар 14:30
Бөлісіңіз:
Теміртауда полицейлер 10 млн теңгенің бұйымын ұрлаған күдіктілерді ұстады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат –Теміртау қаласының екі тұрғыны көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан пәтердің терезесінен кіріп, жалпы құны 10 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкент маңындағы бөлімнен әскери қызметші қару-жарақ алып қашты Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Атырауда браконьерлік дерегімен 1500 іс қозғалды

26 қаңтар күні Теміртау қаласы ІІБ-нің Старгород полиция бөлімінің кезекші бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны бейтаныс тұлғалар пластик терезесін ашып, пәтерінен алтын зергерлік бұйымдар мен «Canon» фотоаппаратын ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Жалпы шығын 10 285 000 теңгені құрады.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қалалық полиция басқармасының басшылығы күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық жеке құрамды бағыттады. Қылмыс орнынан іздер алынды. Қызметтік иттер тартылды. Жақын орналасқан үйлердің бейне бақылау камералары зерттелді. Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 21-27 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Айғақты заттар жартылай тәркіленді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT