+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Теміртауда пәтер тонап, үй иесін өлтіріп кеткен қарақшылар ұсталды

2020 жылғы 29 қараша 13:08
Бөлісіңіз:
Теміртауда пәтер тонап, үй иесін өлтіріп кеткен қарақшылар ұсталды

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртауда қарақшылық жасап, адам өлтірген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

20 қарашада Теміртау қаласының полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол Момышұлы көшесіндегі көпқабаттың үйдің пәтеріне белгісіз біреулер кіріп келіп, тапаншамен қорқытқанын айтқан.

Содан кейін қарақшылар әйелді және оның 50 жастағы серігін байлап, екеуін ұрып-соққан. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмады.

Қылмыскерлер үйдегі ақша мен дүние-мүлікті алып, кетіп қалған.

Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлімі және 192-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді.

Кешенді тергеу кезінде 4 күдікті анықталды.

26 және 28 қарашада жүргізілген арнайы операция кезінде күдіктілер Нұр-Сұлтаннан және Жезқазғаннан ұсталды. Олар - 25, 29, 34 және 39 жастағы Сәтпаев, Жезқазған және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары.

«Пәтерді қарау кезінде әртүрлі маркалы қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Қазіргі таңда күдіктілер изоляторға қамалған, тергеу жүріп жатыр. Қаскөйлердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр» дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT