Теміртауда өзін ұлын пышақтап өлтірді деген күдікпен 68 жастағы ер адам ұсталды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртау полицейлері аса ауыр қылмысты «ізін суытпай» ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 тамызда Теміртау қаласының Бейбітшілік даңғылындағы пәтерлердің бірінде 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 68 жастағы ер адамды ұстады. Ол марқұмның әкесі болып шықты. Әкесі өзара туындаған жанжал барысында ұлына пышақ салғанын мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар