Теміртауда металлургия комбинатында апат болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Арселор Миттал Теміртау» АҚ конвертерлік цехында жарылыс болып, 4 адам зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен Теміртау қаласы орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 қыркүйекте №3 конвертерінде жұмыс жүріп жатқан кезде тарсылдаған дыбыс шығып, кейін бу мен ыстық ауа атылған. Салдарынан №3 конвертерінің 4 жұмысшысы зардап шекті.

«Барлық жапа шеккендер Теміртау қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді. 1970, 1972, 1988 жылғы үш азаматты күйік шалды, тағы бірі жараланды. Дәрігерлер тексергеннен кейін күйік шалған 1988 жылғы азаматты және жараланған 1991 жылғы азаматты амбулаторлық емдеуге жіберді. II,III А деңгейде күйік шалған ер адамдар Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
«Зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Мемлекеттік органдарға жағдай туралы хабар берілді. Қазір қайғылы оқиға тергеліп жатыр», - деп түсіндірді «Арселор Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінен.



Соңғы жаңалықтар