Теміртауда лицензиясыз ішімдік жасаған жасырын цех анықталды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау қаласында лицензиясыз ішімдік жасаған жасырын цех анықталды, Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Комитеттің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаңтар айында Теміртау қаласында тиісті лицензиясыз алкоголь өнімін дайындап, қаладағы сауда нүктелеріне өткізген жасырын цехтың заңсыз қызметінің жолын кесті.

Цех аумағын тінту барысында дайын алкоголь өнімі, өнімді дайындауға арналған жабдықтар мен компоненттер тәркіленіп алынды», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркеліп, алкоголь өнімін өткізу орындары мен көлемін белгілеу бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар