Теміртауда күйіп қалған металлургтердің беті бері қарады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның өндірістік жарақат алып, жансақтау бөліміне түскен қызметкерлерінің беті бері қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жансақтау бөлімінде жатқан жұмысшылардың жағдайлары жақсарды. Екі жұмысшы Теміртау орталық емханасының жансақтау бөлімінен Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына ауыстырылды. Үшіншісі де Қарағанды облыстық медициналық орталығына жатқызылды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Еске сала кетейік, 12 қазан күні сағат 11:29-да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатының кокс цехында кокс батареясы жарылып, күйік шалған алты металлург ауруханаға жеткізілген еді. 

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, металлургия комбинатының кокс цехында №1 кокс батарея жұмысының технологиялық циклі бұзылған. Соның салдарынан батарея жарылған. Балқып тұрған қоспа оның жанындағы металлургтарды күйдіріп жіберген. Алты жұмысшының үшеуі Теміртау қаласындағы орталық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың беттері, денесі және қолдарын күйік шалған. Қалғандарын Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығына жатқызылған болатын.

Соңғы жаңалықтар