Теміртауда көтергіш кранның кабинасы үзіліп, жерге құлады

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртаудағы металлургиялық комбинатта көтергіш краннан кабина үзіліп кетті, кран жүргізушісі зардап шекпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Жақында əлеуметтік желілерде жүрген бейнематериалдан орын алған іс туралы белгілі болды.

«Тексеріс кезінде өндіріске дайындық цехының ашық қоймасында көтергіш кранның кронштейні ақаулығынан кабина үзілген. Тау техникалық бақылау мен комбинаттың техникалық қауіпсіздігі департаментінің сарапшылары шақырылды. Кабина демонтаждан өткізілді», - деп хабарлайды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.

 Алайда демонтаж кезінде не себепті кабина ішінде адам болғаны белгісіз. 

Еске сала кетейік, қазіргі таңда металлургиялық комбинат төңірегінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 10 қарашада газ құбыры өртенуі комбинат жұмысына кедергі жасаған болатын. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия қорытындысын әзірге хабарламай отыр.

Соңғы жаңалықтар