+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Теміртауда көршісіне мылтық атқан ер адам ұсталды

2021 жылғы 9 мамыр 14:31
Бөлісіңіз:
Теміртауда көршісіне мылтық атқан ер адам ұсталды

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда тәртіп сақшылары көршісімен жанжал барысында үйінен мылтық алып шығып, оқ атқан ер адамды құрықтады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда жезөкшелер притоны анықталды Нұр-Сұлтанда шолақ аңшы мылтығын алып жүрген жас жігіт ұсталды Алматы облысында 30 жастағы ер адам анасының алтынын ұрлап, ломбардқа өткізген

9 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Теміртау қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері оқ қаруын қолданып, бұзақылық жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.

«Күдікті өз кінәсін мойындады. «Armsan« маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 8 мамыр күні сағат 20:42 шамасында Теміртау қаласында 8 шағын аудандағы аулалардың бірінде кәмелетке толмаған екі бала арасында жанжал болды. Балаларды ажырату үшін үйлерінен әкелері шыққан. Алайда, жағдайды анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласын бетінен ұрған. Содан кейін соңғысы үйінен мылтық алып, екі рет ауаға оқ атып, қашып кеткен. Атыс кезінде зардап шеккендер жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT