Теміртауда көлік қаққан 37 жастағы әйел мерт болды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпаарат - Теміртауда жол апаты салдарынан 37 жастағы әйел көз жұмды. Оны жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде жас жүргізуші қағып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 қазан таңғы сағат 06.30 шамасында Теміртауда жеңіл көлік жүргізушісі 37 жастағы әйелді қағып кетті.

22 жастағы «RAV4» автокөлігінің жүргізушісі Б.Момышұлы даңғылымен жүріп, «Вилла» мейрамханасының маңында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі рөлді басқара аламай қалған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 37 жастағы қала тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Бұл факт тіркелді. Оның нәтижесі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар